Павлодарда EcoLife «Big Пикник» экологиялық слеті өтеді

Павлодарда EcoLife «Big Пикник» экологиялық слеті өтеді
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Қатысушыларды интерактивті алаңдар мен шеберлік сабақтары күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

10 шілдеде сағат 17:00-де қалалық саябақта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында EcoLife «Big Пикник» шарасы өтеді.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы мен волонтерлік орталық бірлесіп өткізетін шара еріктілікті насихаттап, табиғатты қорғауға және жастардың қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуына жол ашады. 

Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәдениеті, еріктілік қозғалысын және азаматтық белсенділікті дамыту.

Қатысушыларды аумақты тазалау және қалдықтарды сұрыптау акциясы, экологиялық шеберлік сабақтары, интерактивті алаңдар, амбассадорлармен кездесулер, спорттық ойындар мен командалық жарыстар күтеді.  

Ауқымды шараға барлық қала тұрғындарын белсенді қатысуға шақырады.