Павлодарда 24 қыркүйекте бірқатар нысан жарықсыз қалады
Жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты электр энергиясы төрт сағатқа уақытша ажыратылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мәліметінше, сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 288 мекенжайында орналасқан «Век Team» кафесі мен «Сабынхана» дүкенінде электр қуаты болмайды.
Сондай-ақ осы уақытта «Строитель», «14 Годовщина», «Энтузиаст», «Яблонька» және «Южный» бау-бақша серіктестіктерінде электр энергиясы уақытша тоқтатылады.