Павлодарда №4 емханаға қатысты шағымдар негізсіз болып шықты

Павлодарда №4 емханаға қатысты шағымдар негізсіз болып шықты
Фото: өңірлік коммуникация қызметі

Биыл аталған емханаға қарасты «ViamedisPavlodar» ЖШС 280 ескерту алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстағы көпсалалы емдеу-профилактикалық медициналық мекемелердің үлкен желісі болып табылатын серіктестің құрамында №4 емхана, Нұркин, Ломов көшелерінде және Назарбаев даңғылында орналасқан бірнеше филиалдары бар. Жақында бұл қатарға Profimed клиникасы қосылды. «ViamedisPavlodar» ЖШС өздерінің медициналық ұйымдарында пациенттерге қызмет көрсету кабинеттерін енгізген болатын.

Арнайы медициналық сақтандыру қоры тұрғындарға ыңғайлы болу үшін емханада жеке фронт-офис ашқан, ол тек шағымдарға ғана арналмаған, сонымен қатар анықтамалық қызмет атқарады.

– Биыл бізге 280 шағым түсті. Дәлелді шағымдар жоқ. Әрине, есепте тұрған науқастарды амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде шешуді талап ететін мәселелер бар. Кейбір дәрі-дәрмектерді жеткізуші немесе өндіруші жеткізуде мәселелер болып тұрады. Бірақ қазір мұндай проблема жоқ, – деп сендірді «ViamedisPavlodar» ЖШС бас дәрігері Айман Оспанова.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ облыстық филиалының директоры Жангелді Шайымбетовтың айтуынша, арыз-шағымдар бұрмаланған, тексеруге немесе тексеруге жолдама беру мерзімі он күннен асқан, адамды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ дәрігерлердің немқұрлығы мен дөрекілігіне қатысты ескертулер негізді деп танылады.

– Көбі медицина қызметкерлерінің көңілінен шықпайтын жеке қалауларына шағымданады. Бірақ барлығы біздің хаттамаларға сәйкес жүргізілуде, – деп қосты бас дәрігер.

Жалпы, мекеме қаланың 71 мың тұрғынына қызмет көрсетеді. Айман Оспанованың айтуынша, тіркелген адамдардың санына дәрігерлер жеткілікті, барлық ескертулер олардың жалақысының мөлшеріне әсер етеді.

Еске сала кетейік, арнайы медициналық сақтандыру қоры тұрғындар шағымданған емдеу мекемелеріне айыппұл салып, жиналған ақша науқастарға жақсырақ қызмет көрсететін медициналық ұйымдарға беріледі.