Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі
Бұл жәрмеңкелер Екібастұз бен Ақсу қалаларында да ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласында 5 тамыз күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда. Жәрмеңке Торговая көшесі, 2А мекенжайында өтеді. Бұл жайлы қалалық кәсіпкерлерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі хабарлады.
Жәрмеңкеге Железин, Павлодар, Шарбақты аудандары және Павлодар қаласы сияқты ауылдық аудандардың тауар өндірушілері қатысады.
Тауық жұмыртқасын жергілікті құс фабрикалары «Павлодар Құс» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС қамтамасыз етеді.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз бен Ақсу қаласында және облыстың 10 ауылдық аудандарында ұйымдастырылады.
Естеріңізге сала кетейік, күнделікті негізінде фермерлер нарығында етті нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сату жалғасуда.