Павлодарда автобус маршруттарына уақытша өзгеріс енгізіледі

Көшелердің бірінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 26 қыркүйекте сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін Қамзин көшесінің Чайковский мен Шевченко көшелері арасындағы бөлігі көлік қозғалысына жабылады. Осыған орай №2, 9, 11, 18, 52, 55, 66А және 126 автобус бағыттарының қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді.
№2, 9, 52 және 55 бағыттары оңтүстіктен солтүстікке қарай Қамзин көшесімен жүргенде Циолковский, Кіші айналма және Бекмаханов көшелері арқылы айналып өтеді. Кері бағытта да дәл осылай қозғалады.
№11 бағыты Қамзин көшесінен Циолковский, Кіші айналма және Толстой көшелерімен жүріп, «Батыр мол» СОО-ға кіреді де, ары қарай Кіші айналма, Бекмаханов, Қамзин және Малайсары батыр көшелерімен жалғасады.
№18 автобусы Толстой көшесі арқылы жүріп, «Ажар» аялдамасына, «Батыр мол» СОО-ға және Қамзин көшесіне кірмейді.
№66А бағыты батыстан шығысқа қарай Ак. Шөкин көшесімен жүріп, Катаев, Толстой және Н. Назарбаев даңғылы арқылы айналады.
№126 автобусы оңтүстіктен солтүстікке қарай Қамзин көшесімен жүргенде Ак. Шөкин, Катаев және Толстой көшелері арқылы қозғалады, «Батыр мол» СОО-ға кірмейді.
Жүргізушілер мен жолаушылардан уақытша өзгерістерді ескеріп, балама жолдарды алдын ала қарастыру сұралады.