Павлодарда автобусты көріп, жолды қысқартқысы келген әйелге айыппұл салынды
Егде жастағы әйел адам жолды тиісті жерден өтпеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Торайғыров көшесінде қарбалас жолды кесіп өткен. Жаяу жүргінші жас жігіт өзінің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, өтіп бара жатқан көліктерге де кедергі болды.
– Біраз уақыттан кейін Академик Сәтбаев көшесінде егде жастағы әйел жолды тиісті жерден өтпей, бұзушылыққа жол берген. Ол аялдамаға келе жатқан автобусты көріп, үлгеру үшін жолды қысқарпақ болғанын айтты, – деді департаментте.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін елемейтін қала тұрғындарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша әкімшілік іс қозғап, 2 АЕК – 6 900 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Айта кетерлігі, 2023 жылдың басынан бері 4272 жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Оның 54-і ЖКО қатысушылары болды, салдарынан 9 адам қаза тауып, 47-сі түрлі жарақат алды.