Павлодарда бірқатар үйлерде су уақытша өшіріледі
Жаңадан салынған су құбырын іске қосу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 желтоқсан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайларда орталықтандырылған сумен қамту уақытша тоқтатылады:
- Роза Люксембург көшесі, 111, 113;
- Ак. Шөкин көшесі, 98, 100, 100/1, 100А, 113/1;
- Н. Назарбаев даңғылы, 50, 50/1, 52;
- ОЖП-32.
Қала тұрғындарына қажетті мөлшерде суды алдын ала жинақтап алу ұсынылады.