Павлодар облысының шалғай орналасқан төрт ауылы таза ауызсуға қосылады
Тағы үш ауылдың ЖСҚ әзірленеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ержан Салхановтың айтуынша, Баянауыл ауданында сумен қамтудың бірнеше проблемалық жобалары бар.
- Бұл мәселе өткен жылдардан бері орындалмай келеді, мердігердің қателігіТехникалық аудит жүргізіліп, мердігер орындамаған көлемге сметалық есеп жасалды. Қаржыландыру мәселесін облыс әкімдігі қолға алды,- дейді Ержан Салханов.
Біз 600 миллион теңгеден астам соманы айтып отырмыз.
Басқарма басшысының айтуынша, Сұлужон, Майкөбе, Лекер және Қызылшілік төрт ауылындағы мердігер «Дәнекер» ЖШС жобаны аяғына дейін жеткізбеген.
Айта кету керек, таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленетін болса – Шонай, Шөптікөл жеке жоба, үйтас пен Шоманкөл ортақ жоба жасалмақ.
Былтыр Тереңкөл ауданы, Қызылтаң ауылына су құбырын тарту мәселесі шешімін тапқан болатын. Алайда бұл жоба қосымша қаржыландыруды қажет етпейді.
Павлодар ауданындағы Чернорецк ауылының тұрғындары бір жылдан астам уақыттан бері су мәселесіне шағымданып келеді. Бұл ауылдың мәселесі – құдықтың лайлануы. Ұңғыманы бұрғылауға бөлінген 18 миллион теңге болінген.
Еске салайық, биыл облыста 27 су жобасын жүзеге асыруға 15 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады. Бұл облыстағы сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділік көрсеткішін 98% жеткізді.