Павлодарда балалар жазғы демалыста хадистер жаттап, иман негіздерін үйренді

Павлодарда балалар жазғы демалыста хадистер жаттап, иман негіздерін үйренді
Фото: ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметі

«Имани жаз-2023» жазғы курсы аяқталып, арнайы мерекелік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.  

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлының айтуынша, курсқа белсенді қатысқан барлық балаларға мақтау қағаздары және сыйлықтар беріліп, дастархан жайылды.

–  Мәшһүр Жүсіп орталық мешіті «Имани жаз» сауат ашу курсындағы қыз балаларға  «Дін мен дәстүр сабақтастығы» атты ашық сабақ жүргізілді. Мақсаты – дініміз бен салт-дәстүрімізді ұрпаққа насихаттау. Сабаққа шәкірттер белсене қатысты. Ата-аналары да балаларының  бастан-аяқ отырып үйренген имани тәрбиесі  мен ұлттық салт дәстүрді ұштастыра білген  біліміне разы болды, – деді Амантай Тойшыбайұлы.

2022-2023 оқу жылында Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің балаларға арналған «Имани жаз-2023» сауат ашу курсында 75 қыз бала оқыды. Кішкентай бүлдіршіндерге имандылық дәрістері халқымыздың сал-дәстүр құндылықтарымен ұштастырылды. Атап айтқанда, хадистер мен дұғалар және Алланың көркем есімдерін жаттады. Сонымен қатар, исламның шарттары, иманның негіздері, Пайғамбарымыз (с.а.с) өмірінен сабақтар  өткізілді.  

Үш апта уақыт ішінде Құран әріптерінен бастап жаттап, Құранның қысқа сүрелерін оқу және жаттау деңгейіне дейін жетті.