Павлодарда бір шағын ауданда жарық болмайды
Электр желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қыркүйек күні сағат сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Амангелді – Чехов – Гагарин – Кәукен Кенжетаев көшелерінің алаңындағы тұрғын үйлері және Радиозавод шағын ауданында электр қуаты сөндіріледі.