Павлодарда дыбысты дабыл тексеріледі
Мамандар тұрғындардан сабырлық сақтауды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының мәлімдеуінше, 23 қараша күні сағат 12.55-те электросирена қосылады.
- Дыбыс дабылын беру көмегімен облыс тұрғындарының құлақтандыру жүйесінің тексерілуін жүргізеді. Бұл дыбысты дабыл тұрғындар үшін «Барлығының назарына!» дегенді білдіреді. Облыс тұрғындарынан сабырлық сақтауын сұраймыз, - делінген хабарламада.
Бұл дабыл түскен уақытта, тұрғындар теле - радио қабылдағыштарын қосып, ықтимал немесе туындаған табиғи және техногендік сипатттағы төтенше жағдайлар туралы, сонымен қатар басқа да маңызды ақпаратты тыңдауы қажет.