Павлодар әкімі шаңғы базасына тексеріс өткізді
Аймақ басшысы атқарылған жұмыстардың сапасына қатысты бірқатар ескертулер айтқан болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Хасар Хабылбеков өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.
– Аймақ басшысының «Зеленая роща» шаңғы базасына сапары аяқталмай жатып-ақ, мердігер кемшіліктерді түзетуге кірісті. Бүгін мен бұл жұмыстың қалай жүріп жатқанын тексердім. Барлық ескертулерді бір апта ішінде жоюды тапсырдым, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Қала басшысы жұмыстардың орындалуын қадағалап, бұл туралы облыс әкіміне жеке баяндайтынын қоса айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram