Павлодарда қарттар үйі тұрғындарының жасалған өнері көрмеге қойылды

Павлодарда қарттар үйі тұрғындарының жасалған өнері көрмеге қойылды
Фото: автор

Шара С.Торайғыров облыстық кітапханасында өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodanews.kz тілшісі. 

Облыстағы қарттар мен жалпы мүгедектерге арналған арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығының мәдени шара ұйымдастырушысы Людмила Колмогорованың айтуынша,  қариялардың өз қолымен жасаған шығармашылық жұмыстарын көпшілік назарына алғаш рет кең көлемде ұсынуда. «Творчество без границ» атты көрме қоғамға тек өнер туындыларын ғана емес, адам рухының беріктігі мен шексіз мүмкіндігін көрсетуді мақсат етеді.

– Бұл – біздің бірінші рет ұйымдастырылған үлкен көрмеміз. Бұл көрмеде алғаш рет біздің тұрғындардың өз еңбектерін, талпыныстарын, дарынын көрсетіп отырмыз, – дейді ол. 

Көрменің бастамашысы – белгілі павлодарлық суретші Александр Колодин.

Ол интернатқа шығармашылық кездесуге барған кезде тұрғындардың жұмыстарын көріп, олардың өзіндік, ерекше стиліне таңғалғанын айтады.

– Мен оларға: «бұл жұмысты адамдарға көрсету керек» дедім. Талант ешқайда жоғалмайды, ол тек ашылуды күтеді. Бұл адамдар жалғыз. Бірақ оларды ұмытпау керек. Ал егер біз осы көрме арқылы кем дегенде бір адамды қолдауға ынталандырсақ мақсатымыз орындалды деген сөз, – дейді ол. 

Қарттар үйінде бір емес, бірнеше шығармашылық топ пен үйірме жұмыс істейді.

Олардың ішінде: қолөнер үйірмелері, суретшілер тобы, тоқу, кестемен айналысатын шеберлер бар.

Людмила Колмогорованың сөзінше, біздің тұрғындар – кәсіби суретшілер емес. Бірақ олардың еңбегі шынайы жасалған. Кейбірі өмір бойы шығармашылықпен айналыспаған, ал мұнда келген соң жаңа қырынан ашылды. 

Көрмеге 47 жұмыс қойылған. 

Әр түрлі техникада жасалған бұл туындыларды 10 белсенді қатысушы дайындаған. Алайда көрмеде келуге мүмкіндігі болмаған шеберлердің де жұмыстары бар. 

Олардың қатарында мүгедектігі бар бірнеше шығармашыл тұлғалар кездеседі. Көрме бір ай бойы жұмыс істеп, павлодарлықтарды жақсылыққа үндеп, өмірге жаңаша қарауға шақырады.