Павлодарда кері қозғалыс кезінде болған жол-көлік оқиғасы сотта талқыланды
Жүргізуші айыппұл төлеу міндеттелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты тұрғын үйдің ауласында орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша азаматқа қатысты істі қарады.
Сот, 2026 жылдың 15 қаңтарында Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі Ткачев көшесіндегі ауласында кері бағытқа шығып бара жатып, маневрдің қауіпсіз болуын қамтамасыз етпей, Kia Ceed көлігімен соқтығысқан, нәтижесінде екі көлікке де материалдық шығын келтірілген.
Жүргізушінің әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігімен сараланды. Ол өз кінәсін мойындады.
Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайларды: кінәсін мойындауын, асырауында баласының болуын, сонымен қатар құқық бұзушының қызметі көлік құралдарын басқарумен байланысты екенін ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот қаулысымен ер адам кінәлі деп танылды. Әкімшілік жазаны тағайындау кезінде әкімшілік айыппұлдың көлемі 30 пайызы қысқартылып 121 мың теңгені құрады.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.