Павлодарда еріктілер жемқорлыққа қарсы заңгерлік кеңес береді

Павлодарда еріктілер жемқорлыққа қарсы заңгерлік кеңес береді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтардың өзекті мәселелерін шешу, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Заңгерлер мен нотариустар азаматтарға тегін заңгерлік кеңес береді. Акция 2023 жылғы 24 қазанда «Batyr Mall» СОО базасында сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін өтеді. Жемқорлыққа қарсы қызметтің еріктілері азаматтарға арналған заңгерлік кеңес ұсынады.

Сонымен қатар, акция барысында 30-дан астам ұйым қатысатын бос орындар жәрмеңкесі болады. 

Барлық ниет білдірушілерді акцияға қатысуға және кез келген құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алуға, сондай-ақ қажетті жұмысты табуға шақырады.