Ресейліктер павлодарлық іздестіру жасағына жүгінді

Ресейліктер павлодарлық іздестіру жасағына жүгінді
Фото: Константин Шелков

Олар сарбаздардың бірінің медальонын тауып алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2008 жылдың көктемінде «Десантник» іздестіру жасағы Смоленск облысының Сычевка ауданында іздеу жұмыстарын жүргізіп, қызыл армияның 15 солдатының сүйегін тапқан. Қайтыс болғандардың бірінде медальон болған.

Ресейлік іздестіру тобының мәліметінше, медальон иесінің аты – Курышев Иван Игнатьевич, әйелінің аты – Курышева Пелагея Семёновна. Иван Курышев 1903 жылы туған, 1942 жылы 12 желтоқсан күні қаза тапқан. 2008 жылы Смоленск облысы Сычевка қаласындағы «Поле памяти» әскери мемориалына жерленген. 

Павлодарлық «Майдан жолы» іздестіру-зерттеу жасағы баршаңызды Ұлы Отан соғысы ардагерінің туыстарын іздеуге қосылуды сұрайды. Майдангердің туыстары немесе туыстарын танитын тұрғындар келесі нөмірге хабарласа алады: 8777-461-73-78.