Ертіс ауданының полицейлері тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады
Мереке қарсаңында тыл ардагерлерінің естеліктерін тыңдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары Көкен Смағұлова мен Мария Пилипенконың үйіне арнайы барып, құттықтады.
- Соғыс кезінде олар үлкендерге көмектесіп, егін жинап, қолғап тоқып, жүн иірген. Бізге тыл еңбеккерлері соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі оқиғалары мен естеліктерімен бөлісе отырып, олар өздерінің медальдары мен әскери фотосуреттерін көрсетті, - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары соғыстан кейінгі көпжылдық және жемісті еңбегі, Отанға адал қызметі үшін алғыс айтып, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі.