Павлодарда кейбір тұрғын үйлерде ыстық су қысымы төмендеді
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін параметрлер қалпына келтірілетін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар жылу желілері» ЖШС мәліметінше, жылу желілеріне күрделі жөндеу жүргізу және бұрынғы қосу схемасының өзгеруіне байланысты Ледовский көшесі, 37, 39, 41, 1 өткел, 6 Хром зауыт мекенжайлары бойынша орналасқан тұрғын үйлерде ыстық су параметрлері төмендетілді.
Жұмыстар болжам бойынша 2024 жылғы 14 шілдеде аяқталады.