Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі жеке қабылдау өткізеді

Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі жеке қабылдау өткізеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қабылдау әр апта сайын ұйымдастырылады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенова әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 10.30-дан 12.00-ге дейін Ак. Сәтбаев көшесі, 49 мекенжайы бойынша орналасқан облыс әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізеді.

Балалардың құқықтарын қорғаудың барлық өзекті мәселелері бойынша төмендегі телефон арқылы қабылдауға жазылуға болады: +77074985183.