Тереңкөл ауданында құтқарушылар балаларға қауіпсіздік шараларын үйретті
Балалар қауіпті сәтте әрекет ету іс-қимылдарымен танысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті «Қызыл Ай» қоғамының еріктілерімен және апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, Тереңкөл ауданы Томарлы ауылында орналасқан балалар лагеріне барды.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – балалардың төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігі туралы хабардарлығын арттыру. Департамент қызметкерлері дәрістер, тәжірибелік сабақтар және интерактивті ойындар ұйымдастырды.
– Мұндай іс-шаралар балаларға әртүрлі қауіпті жағдайларда қалай әрекет ету керектігін жақсы түсінуге көмектеседі және олардың төтенше жағдайларға дайын болуын қамтамасыз етеді, – дейді ұйымдастырушылар.
Өрт болған жағдайда балалар қалай әрекет ету керектігін білді, судағы қауіпсіздік ережелері, алғашқы көмек көрсету, табиғи апаттар кезінде әрекет ету іс-қимылдарымен танысты.