Баянауылда вагон өртенді

Баянауылда вагон өртенді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрт сөндірушілер вагоннан үш газ баллон шығарып үлгерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

27 наурыз күні сағат 10:18-де Баянауыл ауданында әлі пайдалануға берілмеген демалыс орнында вагон өртенді.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен ерікті өрт сөндіру жасағы келді.

– Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрттің жақын маңдағы демалыс үйіне таралуының алдын алуға мүмкіндік туды. Өртті сөндіру кезінде сыйымдылығы 27 литрлік үш газ баллоны эвакуацияланды, – деді департаментте.

Өрт 11:26-да сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.