Павлодарда көкпаршылар облыс біріншілігін сарапқа салады

Павлодарда көкпаршылар облыс біріншілігін сарапқа салады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Алғашқы ойын 4 сәуір күні өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар қалалық ішкі саясат бөлімі мәлімдеді.

- Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына 3–5 сәуір күндері «Құлагер» ипподромында көкпар өтетінін хабарлаймыз. Білекті де  жүректі жігіттердің тартысқа толы додаcының куәсі болыңыздар. Ұлттық рухты көтеретін көкпар ойынын бірге тамашалайық, - делінген ақпаратта.

Көкпаршылардың аламан додасын облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен аймақтық «Көкпар» федерациясы ұйымдастырып отыр. Онда ересектер арасында облыс біріншілігі сарапқа салынады. 

Қатысушылар 3 сәуірде мандаттық комиссиядан өтсе, алғашқы ойын  4 сәуір күні сағат 8:00-де басталады.