Екібастұздық полицейлер батпаққа батқан көлікті шығаруға атсалысты

Екібастұздық полицейлер батпаққа батқан көлікті шығаруға атсалысты
Фото: pexels.com/Janusz Walczak

Олар көл жағасында қалып қойған жүргізушіге көмек көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ер адамның автокөлігі Екібастұз қаласына жақын орналасқан көлдің жағасында батпаққа батып қалған.

– Әбден баттым, әрі қарай жүру мүмкін емес, түстен бері осында отырмыз. Түрлі құралдарды қолдандық. Полицияның қызметтік «Нива» автокөлігінің көмегімен сәл жылжыттық, – дейді жүргізуші бейнежазбада.

Оның айтуынша, полиция қызметкері көлікті байқап, бірден көмек қолын созған. Ол кешке дейін, үш сағаттан астам уақыт автокөлікті шығаруға атсалысып, ақыры келесі күні қосымша техника көмегімен көлікті толықтай шығарып алған.

– Қызметтік міндеттерді орындаумен қатар, осындай жағдайларда да халыққа көмек көрсету полиция жұмысының бір бөлігі болып табылады, – дейді Екібастұз қаласы полиция басқармасының учаскелік инспекторы Талғат Қожамжаров.

Полиция азаматтарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреді және кез келген жағдайда көмек көрсетуге дайын екенін еске салады.