Павлодарда бірқатар көшелер мен аудандарда су уақытша өшіріледі

Су құбырын қайта қосу жұмыстары жоспарланған,деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының Геринг көшесінде Қамзин көшесінен Московская көшесіне дейінгі аралықта су құбырын қайта қосу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 22 шілде күні сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін Қамзин көшесі, 1, 1/1, 1/2, 3, 5, Московская көшесі, 12, 12/1, 14, 16, 16/2, 18, 18/1, Московская көшесінің Геринг көшесінен Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі бөлігіне су уақытша берілмейді.
– Ауыз судың уақытша тоқтатылуы тұрғындар үшін қолайсыздық тудыруы мүмкін. Сол себепті тұрғындардан алдын ала су қорын жинап қоюды сұрайды.Бұл жұмыстар сумен қамту сапасын жақсарту мақсатында атқарылып отыр. Уақытша келеңсіздік үшін кешірім сұраймыз, – деп хабарлады «Павлодар Водоканал» ЖШС.
Жауапты мекеме тұрғындардан қолайсыз жағдай үшін кешірім сұрап, су қорын алдын ала дайындап қоюды сұрайды.