Павлодар тұрғындары жол ақысы үшін төлемді мобильді қосымша арқылы жасай алады

Павлодар  тұрғындары жол ақысы үшін төлемді мобильді қосымша арқылы жасай алады
Фото: Константин Шелков

Бұл оқушы және жеңілдік санаттағы адамдарға қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Смарт Автобус ПВ» ЖШС мәліметінше, оқушы және жеңілдік (зейнеткерлер) санаттағы көлік картасын пайдаланушылар енді Avtobys мобильді қосымшасының көмегімен төлем жасай алады.

Ол үшін оқушыларға – туу туралы куәлік/жеке куәлік және оқу орнынан анықтама (9, 10, 11, 12 сыныптар міндетті) және нөмірі бар смартфон талап етіледі.

Ал зейнеткерлер үшін жеке куәлік, зейнетақы куәлігі және нөмірі бар смартфон керек.

Айта кетейік, мобильді қосымшаға ауысқан кезде көлік картасының бұғатталатынына назар аударуды сұрайды.