Павлодарда мас күйінде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Павлодарда мас күйінде көлік басқарған жүргізуші ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Енді оның ісі сотта қаралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының полиция департаменті қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту, құқық бұзушылықтарға, оның ішінде жол қозғалысы саласындағы заң бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қалыптастыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

- Алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару — әлеуетті қылмыс. Мұндай жағдайда жүргізуші жолдағы ахуалды дұрыс бағалай алмайды. Осының салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алуы ықтимал, - делінген хабарламада.

Мәселен, Павлодар қаласында Усолка көшесін патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары күмәнді қозғалған Toyota Ipsum маркалы автокөлікті байқаған. Көлік тоқтатылған сәтте жүргізушіден алкогольдің өткір иісі сезіліп, ол медициналық куәландыруға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, жүргізуші алкогольдік масаң күйде болған. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал толтырылып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. 

Айта кетейік, жыл басынан бері полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарудың 150 мыңнан аса дерегінің жолын кесті.

Полиция тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Егер мас күйіндегі адамның көлік жүргізуге ниеттенгенін немесе көлік басқарып келе жатқанын байқасаңыз, «102» нөміріне хабарлауды сұрайды.