Павлодарда мерген полицей арулар анықталды

Павлодарда мерген полицей арулар анықталды
Фото: Павлодар облыстық ПД

«Динамо» спорт кешенінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай полиция арулары арасында жауынгерлік қарудан ату және үстел теннисінен жарыстар өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

– Полиция қызметі әрқашан ер адамдардың кәсібі болып саналады. Бірақ әйел адамдар да батылдықпен, табандылықпен және шеберлікпен ерлерден еш кем түспейді, мұны өткен жарыстар растады. Барлық қатысушылар күнделікті жұмыста қылмыскердің өмірін сақтап қалатын немесе тоқтата алатын дәлдік пен ептілік танытып, өздерін лайықты және дайын екендерін көрсетті, – деді облыстық полиция департаменті арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы бастығының орынбасары Владимир Ходацкий.

Жарыс қорытындысы бойынша жауынгерлік қарудан ату бойынша жеке есепте бірінші орынды департамент аппаратынан Ризагүл Андасова, екінші орынды Айсұлу Омарова иеленді, Ақсу қаласының полиция бөлімінен Сәуле Сағалиева қола жүлдегер атанды. 

Жалпы командалық есепте бірінші орынды Павлодар облысы полиция департаменті аппаратының командасы жеңіп алды. Екінші орынға Ақсу қаласының командасы, үшінші орынға Екібастұз қаласы ие болды. 

Жарыс қорытындысы бойынша үстел теннисінен жеке есепте Аққулы ауданының полиция бөлімі Мәдина Есімханова үздік атанды. Күміс медальді Павлодар қаласы полиция басқармасы Жанар Бечелова жеңіп алды.   Департамент аппаратынан Алсу Қайыржан және Ақсу қаласынан Дарима Ермек үшінші орынды місе тұтты.

Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерге салтанатты түрде естелік сыйлықтар, медальдар, грамоталар және гүлдер табыс етілді.