Успен ауданының оқушылары жол қоғалысы ережелерін қаншалықты білетінін көрсетті

Успен ауданының оқушылары жол қоғалысы ережелерін қаншалықты білетінін көрсетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» аясында Успен ауданында мектеп оқушылары арасында жас жол инспекторларының байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Іс-шараға аудан мектептерінің командалары қатысып, қазылар алқасы мен тәлімгерлер ретінде полиция қызметкерлері мен педагогтар тартылды.

Байқау барысында қатысушылар жол қозғалысы ережелерін білу деңгейін және жол қауіпсіздігі бойынша практикалық дағдыларын көрсетті. Бағдарламаға жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық тапсырмалар, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық жаттығулар, сондай-ақ арнайы жабдықталған алаңда жол белгілері мен таңбалары бар велосипедті фигуралы айдау жаттығулары кірді. Бұдан бөлек, командалар жолдағы қауіпсіз мінез-құлықты насихаттауға және балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға бағытталған шығармашылық қойылымдарын ұсынды.

– Негізгі мақсат – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолдағы балалар жарақаттануына жол бермеу. Іс-шара балалар арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыруға, жас жол инспекторларының жұмысын жетілдіруге бағытталған. Әрбір оқушы жастайынан заңды сақтаса, өңірде тәртіп болатынын түсінуі тиіс, – деп атап өтті Успен ауданы полиция бөлім бастығының орынбасары Арман Ашренов.

Құқық қорғау органдары командалардың жоғары дайындығын атап өтіп, мұндай іс-шаралардың өскелең ұрпақтың жол қозғалысы ережелерін, заң мен тәртіпті сақтауға жауапкершілікпен қарауын қалыптастырудағы маңызын ерекше атап өтті.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал барлық қатысушылар жол қозғалысының тәртіпті және мұқият қатысушылары болуға көмектесетін пайдалы тәжірибе мен жағымды эмоциялар алды.