Павлодарда Назарбаев даңғылында су уақытша өшіріледі
Жаңадан салынған су құбырын желіге қосу жұмыстары басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 желтоқсан күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Назарбаев даңғылындағы 93, 95, 95/2, 95/1, 97, 99/1, 99, 99А мекенжайларында, сондай-ақ №104 балабақша орналасқан 97/1 ғимаратында су болмайды.
Мамандар аталған мекенжайда тұратын азаматтар мен мекеме басшыларынан алдын ала қажетті су қорын жинап алуды сұрайды.