Атамекен кенті мен Павлодар ауылында кімдер жаңадан әкім болып сайланды?

Атамекен кенті мен Павлодар ауылында кімдер жаңадан әкім болып сайланды?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

11 ақпанда өткен сайлау қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, Атамекен кенті бойынша сайлаушылар тізіміне 6 716 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1292 сайлаушы, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 101 адам қатысты. Кандидаттардың жалпы саны үшеу болды.

Сайлау қорытындысы бойынша 646 дауыс жинап, Атамекен кентінің әкімі болып Мунира Дүйсембекова сайланды. 46 жастағы шенеунік бұған дейін Атамекен кенті әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Ол Атамекен кентінде тұрады.

Павлодар ауылында сайлаушылар тізіміне 4 281 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1224 сайлаушы, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 75 тұрғын қатысты. Кандидаттардың жалпы саны екеу болды. Сайлау қорытындысы бойынша Павлодар ауылының әкімі болып 755 дауыс жинаған 37 жастағы Ұнат Аманбек сайланды. Ол ауыл әкімі лауазымына дейін Павлодар қаласының мансап орталығы филиалының басшысы болып жұмыс істеген. Павлодар қаласында тұрады.