Павлодарда ондаған үй мен бірнеше әлеуметтік нысан сусыз қалады
Жөндеу жұмыстары 15 сағатқа созылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметінше, 28 тамызда Баян батыр көшесі, 9 мекенжайында жапқыш арматураны ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты сағат 9:00-ден 24:00-ге дейін бірқатар тұрғын үй мен әлеуметтік нысанда су уақытша тоқтатылады.
Су келесі мекенжайларда болмайды:
- Айманов көшесі: 1, 2, 3, 4, 5, 6 (№79 балабақша), 7, 8, 9, 9/1, 10, 11, 12, 13 (№4 балабақша), 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22 (№8 балабақша), 23, 24, 26, 26/1, 26/1а, 28, 28/1, 28/2, 29, 29/1, 29/2, 30, 31, 31/1, 31/2К1, 31/2К2, 31/3, 32 (№39 балабақша), 33, 33/1, 33/2К2, 34, 35 (гимназия), 35/1, 36, 37 (№35 мектеп), 37/1К1, 37/2К1, 37/4К2, 37/3, 38, 39 (№22 балабақша), 40, 41, 42, 42/1, 46, 47, 47/1, 48, 49, 50, 51 (№16 лицей);
- Луговая көшесі: 16;
- Баян батыр көшесі: 1, 3, 5, 7, 9;
- Торайғыров көшесі: 1, 1/1, 1/1а, 1/2, 1/3, 1/4, 1/5, 1/6, 3, 3/1, 6;
- Конституция алаңы: 1, 1/1;
- Набережная көшесі: 5/1, 11Б;
- Береговая және Луговая көшелеріндегі жеке үйлер.
Тұрғындардан жөндеу жұмыстары басталғанға дейін қажетті мөлшерде су жинап алу сұралады.