Павлодарда Сұрағанов көшесіндегі жөндеу жұмыстары толық аяқталды

Биыл облыс әкімінің қолдауымен 15 көшені жаңарту жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сәуір айының басынан бастап қалада жолдарды орташа жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
– Сұрағанов көшесіндегі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Назарбаев көшесіндегі жұмыстар 80 пайызға орындалды. Олжабай батыр көшесінде жөндеу жалғасуда. Мәшһүр Жүсіп көшесі де қамтылады, – деді қала әкімі Хасар Хабылбеков.
Сонымен қатар, Павлов, Геринг, Шевченко, Мәшһүр Жүсіп және Олжабай батыр көшелерінде дайындық жұмыстары басталды.
Қала тұрғындары қала ішінде еркін әрі жайлы жүріп-тұруы үшін барлық жұмыстарды 15 шілдеге дейін аяқтау тапсырылды.