Павлодар облысы тас жолдары бойындағы әжетханаларға кім жауап береді
Жол бойындағы сервис деңгейі бойынша жолдар «A», «B», «C», және «D» болып бөлінеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде автомобиль жолдарының сапасын жақсарту шаралары туралы мәселе сөз болды. Аталмыш мәселе бойынша облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қанат Қашкиров есеп берді.
- «A» санатындағы сервис онда мотель, сауда, ойын-сауық орталы, пикник орны секілді мүмкіндіктерге ие болуы тиіс. Павлодар облысында «B», «C» санатындағы жолдар бар. Әжетханалар мәселесін, әрине, әрі қарай дамытуымыз тиіс. Биыл облыстық маңызы бар жолдарда да осы жұмысты жүргізбекпіз, - дейді Қанат Қашкиров.
Республикалық маңызы бар жолдарда трассаға, оның ішінде әжетханаларға «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ қызмет көрсетеді. Облыстық маңызы бар жолдарға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, ал аудандық маңызы бар жолдарға – аудандық ТҮКШ бөлімдері қызмет көрсетеді.
Фото: Константин Шелков