Павлодарда сауда үйінің шатыры опырылды: Үйінді астынан екі ер адам шығарылды

Павлодарда сауда үйінің шатыры опырылды: Үйінді астынан екі ер адам шығарылды
Фото: Константин Шелков

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Артур» сауда үйінің шатыры мен бүйір жабынының опырылуы салдарынан екі адам зардап шекті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жабын конструкциялары жазғы дәмхананың үстіне құлағанын мәлімдеді. Куәгерлер құтқарушыларға үйінді астында адамдар қалғанын айтқан.

- Құтқарушылар құрылысты бөлшектеуге кірісті. 48 жастағы ер адам үйінді астынан шығарылып, ауруханаға жеткізілді. Оның екі аяғы сынған. Құтқарушылар келгенше тағы бір ер адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді, — деді ТЖД.

Жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 48 жастағы ер адам травматикалық шок алған. Екінші жәбірленуші 52 жастағы ер адам басынан жарақат алып, миы шайқалған.

Оқиға орнында құтқарушылар, медицина және апаттар орталығының қызметкерлері, жедел жәрдем бригадалары мен полиция қызметкерлері бар. 

Оқиға орнын қоршауға алды.

Фотосуретті түсірген Константин Шелков