Екібастұзда жүргізуші велосипедшіні қағып кетті

Екібастұзда жүргізуші велосипедшіні қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккен тұрғын ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 мамырда М. Әуезов көше бойында «ВАЗ-2106» маркалы автокөліктің жүргізушісі жолдың ортасында тұрған велосипедшіні қағып кетті. 

– Жол - көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған велосипедші ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, сараптама тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды,– деді департаментте. 

Тәртіп сақшылары реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолында велосипедшілер, басқа көліктерге, жаяу жүргіншілерге жол беру керек екенін еске салады. Велосипедшілерге жаяу жүргіншілер жолы арқылы жолды өтуге, сондай-ақ бұрылуға рұқсат етілмейді, сондықтан велосипедтен түсіп, жаяу жүргінші сияқты жолдан өту керек.