Павлодарда қатты жел сауда үйінің шатырын жұлып кетті

Павлодарда қатты жел сауда үйінің шатырын жұлып кетті

Оқыс оқиғадан зардап шеккендердің бар-жоғы әзірге белгісіз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Артур» сауда үйінің Малайсары батыр көшесі жағына қараған бөлігінің шатырын қатты жел жұлып алған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларды куәгерлері әлеуметтік желіде жариялады. Үйінді астында бірнеше көлік қалған.

- 112 пультіне шатырдың құлағаны туралы хабарлама 13:54-те түсті. Оқиға орнына төрт қызметкер мен бір техника, апаттар медицинасы орталығының үш қызметкері жөнелтілді, - деп хабарлады ТЖД.

Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Бұған дейін синоптиктер 7 шілдеде Павлодар облысында бұршақ жауып, күн күркіреп, қатты жел болатынын ескерткен болатын.