Павлодарда сенбі күні болатын экологиялық тимбилдинг кейінге ауыстырылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты шара өткізілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Жасыл ел» штабының хабарлауынша, 12 тамызда экологиялық тимбилдинг шарасы өткізілуі тиіс еді. Ұйымдастырушылар сенбілікке қатысушылар үшін түрлі шаралар дайындап қойған болатын.
Алайда ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты эко шара кейінге ауыстырылды. Жасылелдіктер келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Экологиялық тимбилдинг болатын нақты күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады.