Павлодарда шағын футболдан қалалық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Турнир қалалық 32 мектептің 2009-2011 жылы туған оқушылары арасында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.
Аталмыш іс-шара Павлодар қаласының № 24 ЖОМ-де интернационалист-жауынгерлердің қатысуымен Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына арналған. Жарыс халықтың ерлік істері мен жерлестеріміздің тарихи жадын үлгі ете отырып, жас ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелейді.
Турнирдің қорытындысы бойынша Ш. Шөкин атындағы мектеп-гимназиясының командасы жеңімпаз атанды. Ал екінші орынды № 21 ЖОМ командасы, үшінші орынды № 43 ЖОМ командасы иеленді. Командалардың үздік ойыншылары да анықталды. «Үздік ойыншы» номинациясында № 21 ЖОМ оқушысы Бақытжан Қайыргелді, «Ең техникалы ойыншы» номинациясында № 24 ЖОМ оқушысы Алихан Ағыбаев марапатталды.
Айта кетейік, жеңімпаздар мен жүлдегерлер турнир кубогымен, Павлодар қаласының білім беру бөлімінің Құрмет грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.