Павлодарда төрт автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді

Павлодарда төрт автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді
Фото: Константин Шелков

Ж. Мұса көшесі бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, байланысты Ж. Мұса көшесі бойынша Мақатаев көшесінен Ж. Мұса көшесі 6 ғимаратына дейін автокөлік құралдарының қозғалысы шектеледі.

Осыған байланысты №1э, 17, 55, 153 автобус маршруттарының қозғалыс бағыттарына уақытша өзгерістер енгізілді.

№1э және 17 автобус маршруттары оңтүстіктен солтүстікке қарай Ж. Мұса көшесімен жүріп бара жатқанда, осы учаскені Ж.Мұса-Мақатаев-Баймульдин-Н. Назарбаев даңғылы көшелерімен айналып өтеді. Сол сияқты кері бағытта.

№ 55 және 153 автобус маршруттары оңтүстіктен солтүстікке қарай Ж. Мұса көшесімен жүріп өткен кезде осы учаскені Ж.Мұса – Кенжетаев – Амангелді көшелерімен және маршруттар бойынша айналып өтетін болады. Дәл солай кері бағытта қатынайды.