Павлодарда жалпықалалық сенбілік өтеді
Қатысушылар Усолка көпірі маңына жиналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Эколог күні қарсаңында Павлодарда жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылады. Экологиялық акцияны Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы Экология департаментімен бірлесіп өткізеді.
Сенбілік 30 мамыр күні сағат 09:00-де өтеді.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын экологиялық акцияға белсенді қатысып, қаланың тазалығы мен көркіне бірге үлес қосуға шақырады.