Ақсулық балабақша бүлдіршіндеріне қауіпсіздік ережелері үйретілді

Құтқарушылар бүлдіршіндерге қауіпті жағдайларда өздерін қалай ұстау керектігін, отпен ойнамау ережелерін және дабыл дыбысы туралы ойын түрінде түсіндірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «30 игі іс» акциясы аясында облыстық ТЖД Ақсу қаласы ТЖБ қызметкерлері №20 бөбекжай-бақшасында болып, балаларға қауіпсіздік ережелері туралы дәріс өткізді.
– Кішкентай бүлдіршіндер нағыз шағын шытырман оқиғаға аттанды: құтқарушылармен бірге олар қауіпті жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін, неге отпен ойнауға болмайтынын және дабыл қалай естілетінін білді. Барлығы - қызықты, ойын түрінде! Ал сыйлық ретінде-маңызды білімді есте сақтау үшін өрт қауіпсіздігі бойынша жарқын бояғыштар табыс етілді, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствода атап өткендей, мұндай кездесулер балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және төтенше жағдайлар қызметі мен білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.