Павлодарда жазасын өтеуші әйелдер кондитер өнімдерін жасауды үйренді

Шеберлік сабағын кәсіби аспаз-кондитер жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ел Президентінің Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарының 14-тармағы аясында еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеушілерге арналған кәсіптік даярлау курстары жаңартылуда. Осы бағытта алғаш рет бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан әйелдерге арналған «Ұннан кондитерлік өнімдер өндіру» тақырыбындағы бір күндік аспаздық шеберлік сабағы өткізілді.
Курс аясында төрт жазасын өтеуші әйел пирог, кекс, пончик пісірудің тәжірибелік дағдыларын меңгеріп, ас-үй құралдары мен жабдықтарымен кәсіби жұмыс істеуді үйренді. Сонымен қатар, әртүрлі өнімдердің қасиеттерімен танысып, олармен жұмыс істеудің ерекшеліктерін білді. Әсіресе қамыр дайындаудың қыр-сырына, оның консистенциясына және дәмді пісірудің басқа да тәсілдеріне ерекше назар аударылды.
– Мен бұл шеберлік сабағына қатысуды ас дайындау қабілетімді жетілдіру үшін таңдадым. Бұған дейін қамыр дайындау маған оңайға соқпайтын — не тым қатты, не тым сұйық болып кететін. Кристина бізге мінсіз қамыр дайындаудың құпияларын үйретті, пайдалы кеңестерімен бөлісті, – дейді қатысушылардың бірі.
Олардың әрқайының отбасы бар, бостандыққа шыққан соң оларды дәмді тағамдармен қуантуды армандайды. Тіпті, болашақта өз кондитерлік дүкендерін ашқылары келеді.
Курс соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, дайындалған өнімдерден дәм ұсынылды.