Павлодарда жаңа этно-топтың тұсауы кесілді

Павлодарда жаңа этно-топтың тұсауы кесілді
Фото: Автор

Топ 5 өнерпаздан құрылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында Павлодар облысы бойынша бірегей «Этно-MIX» этно аспаптар тобының тұсауы кесіледі. Бұл – бірегей өнер ұжымы 5 адамнан тұрады. Әрқайсысы мультиинструменалисттер, яғни әрбірі бірнеше ұлттық аспапты жетік меңгерген кәсіби музыканттар. 

– Топта екі домбырашы, жетіген аспабының шебері, қобыз және кахон. Сонымен қатар, шаңқобыз, нарқобыз, барбыт аспаптарын қосып жатырмыз. Алдағы уақытта авторлық туынды шағармақ ойымсыз бар, – дейді музыкалық топтың жетекшісі Мәди Құрманғазыұлы. 

Аталған ұжым ұмыт болып бара жатқан ұлттық аспаптарды жаңғыртып, ұлттық, этно музыканы дамыту мақсатында құрылды. 

Шара барысында мәдени тұлғалар жаңа топқа сәттілік тілеп, өнерлерін тамашалады.