Ең көп кітап оқитын қазақстандықтар Павлодар облысында тұрады

Ең көп кітап оқитын қазақстандықтар Павлодар облысында тұрады
Фото: Константин Шелков

Жалпы ел бойынша кітап оқуға деген қызығушылық, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы – Қазақстандағы ең көп кітап оқитын өңір атанды. Елдегі көпшілік кітапханаларының статистикасына сәйкес, облыс тұрғындарының 47 пайызы тұрақты түрде кітапхана қызметін пайдаланып, кітап оқиды. Бұл көрсеткіш бойынша Павлодар өңірі республикада бірінші орында тұр.

Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы 45 пайызбен, ал Батыс Қазақстан облысы 42 пайыздық көрсеткішпен үшінші орында келеді.

Жалпы ел бойынша кітап оқуға деген қызығушылық, әсіресе мемлекеттік тілдегі әдебиеттерге сұраныс артып келеді. Соңғы бір жылда көпшілік кітапханаларынан оқырмандарға 88,9 миллион басылым берілсе, оның 53,4 миллионы немесе 60,1 пайызы қазақ тіліндегі кітаптар болған.

Кітапхана қорлары да жаңа әдебиеттермен тұрақты түрде толықтырылып келеді. Бір жыл ішінде кітапханаларға 906,5 мың жаңа басылым түссе, оның 662,3 мыңы қазақ тіліндегі кітаптар. Қазіргі таңда еліміздің көпшілік кітапханаларындағы қазақ тіліндегі әдебиеттер қоры 30,3 миллион данаға жетіп, жалпы қордың 41,7 пайызын құрайды.

Оқырмандар арасында көркем әдебиетке деген қызығушылық әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр. Барлық берілген кітаптардың 57,6 пайызы немесе 51,3 миллион данасы көркем шығармалар, тіл білімі мен әдебиеттану бағытындағы басылымдарға тиесілі. Соңғы бір жылда кітапхана қорлары осы бағыттағы 577,7 мың жаңа кітаппен толыққан.

Кітапханалардың негізгі оқырмандарының қатарында балалар мен жастар басым. Бүгінде кітапхана қызметін 15 жасқа дейінгі 1,75 миллион бала, 1,38 миллион жас және 2,4 миллион ересек тұрғын пайдаланады.

Мамандардың пікірінше, Павлодар облысының көш бастауы өңірде кітап оқу мәдениетінің жоғары деңгейде қалыптасқанын және тұрғындардың білім мен әдебиетке қызығушылығының тұрақты екенін көрсетеді.