Павлодарда жылы аялдама павильондарын орнату жұмыстары жалғасуда
Павильондар электр қуатын қосқаннан кейін пайдалануға беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінде қала көшелерінде 9 жылы аялдама орнатылған. Олар: Естай көшесі, («Квазар» СҮ аялдамасы), Торайғыров көшесі, («Конституция алаңы» аялдамасы), Естай көшесі, («Жәрмеңке» аялдамасы), Ак. Сәтбаев көшесі, («ОӘД» аялдамасы), Ак. Шөкин көшесі, («Машина жасау колледжі» аялдамасы), Баян батыр көшесі, («Баян батыр» аялдамасы), Н.Назарбаев даңғылы («1 саяжай» аялдамасы) және Торайғыров көшесіндегі «Вокзал алаңы» аялдамасында 2 павильон орналасқан.
– 2023 жылдың желтоқсан айында «Вокзал алаңы» және «1 саяжай» аялдамасында 3 жаңа павильон орнатылды. Қазіргі уақытта жылыту құрылғылары жұмыс істеуі үшін электр қуатын қосу жұмыстары жүргізілуде. Содан кейін павильондар пайдалануға беріледі, – дейді ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінде.
«Квазар» СҮ және «Конституция алаңы» аялдамаларындағы павильондар бюджет қаражаты есебінен орнатылған. Олар қызмет көрсету үшін жеке тұлғаға жалға берілген.⠀
«Жәрмеңке», «ОӘД», Машина жасау колледжі», «Баян батыр» аялдамаларындағы жылытылатын павильондар кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебінен орнатылды.