Баянауылда құрылысы ұзақ жылдар кешіктірілген екі су құбыры іске қосылды
![Баянауылда құрылысы ұзақ жылдар кешіктірілген екі су құбыры іске қосылды](https://images.pexels.com/photos/13963755/pexels-photo-13963755.jpeg?auto=compress&cs=tinysrgb&w=1260&h=750&dpr=1)
Аудандық шенеунік жазаланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
2023 жылдың қазан айында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасы бойынша «Проблемалық құрылыс объектілері» жобасын іске асыру басталды. Оның шеңберінде департамент құрылыс мерзімі өте кешіктірілген объектілерге мониторинг жүргізді. Биылғы мониторингке Баянауыл ауданындағы екі су құбыры кірді. Редакция бұл мәселенің анық-қанығын білу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыс бойынша департаментке сауал жолдады.
– Күркелі ауылындағы су құбырын қайта жаңарту үшін «Көлсай Строй» ЖШС мердігерімен шарт сәуірдің 2021 жылы жасалған. Жұмыстарды аяқтау мерзімдері жобалау-сметалық құжаттамада қате есептеулерге байланысты қосымша келісімдермен бірнеше рет ұзартылды. Атап айтқанда, топырақтың тау жыныстары ескерілмеген еді, – деп жауап берді департаментте.
Құрылысты аяқтауға және процестердің ашықтығын арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу мақсатында аталған объект облыс әкімінің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның тоқсан сайынғы отырыстарында қаралды.
– Нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін мердігер атқарушылық құжаттаманы ресімдеуге тиісінше қарамады. Су құбырын іске қосу актісінсіз пайдалану себебінен департамент материалдарды облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жолдады, – деді департаментте.
Сәулет-құрылыс заңнамасын бұзғаны үшін Баянауыл ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы ҚР ӘҚБтК 323-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізілген бақылау қорытындысы бойынша су құбыры пайдалануға берілді. Ауызсу Күркелідегі 301 аулаға жеткізілді, оның 81-і ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалған 220 үйді қосу жазғы уақытта күтілуде.
Ал Баянауыл ауылында су құбырын салумен «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС мердігерлік ұйымы айналысты. Компаниямен 2023 жылдың ақпан айында шарт жасалды.
– Жылыту кабелінің электр желілеріне қосылуы көзделмеген жобаны түзетуге байланысты жұмыстар белгіленген мерзімде орындалмады. Бүгінгі таңда нысан пайдалануға берілді, – деп жазлыған хабарламада.
Баянауылда іске қосылған су құбыры 35 аулаға сәтті тартылды. Құрылыс сапасына уәкілетті органның талаптары орындалды. Әрбір нысан бойынша оң қорытынды берілді. Су құбырлары заңнамалық талаптарға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тіркелді.