Павлодарда жиһаз цехының өндірістік ғимаратында рұқсатыз би кешін ұйымдастырған

Павлодарда жиһаз цехының өндірістік ғимаратында рұқсатыз би кешін ұйымдастырған
Константин Шелковтің иллюстрациялық фотосы

Ұйымдастырушылар санитарлық нормаларды, өрт қауіпсіздігін сақтамаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 102 арнасына келіп түскен хабарламадан кейін тәртіп сақшылары жеке үй-жайлардың біріне барды. 

- Онда азаматтардың қауіпсіздігіне жауап бермейтін жиһаз цехының өндірістік ғимаратында маргиналды жастар түнгі би кешін ұйымдастырғаны анықталды, - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, ол жерде алкоголь өнімін тиісті лицензиясыз сату заңсыз жүзеге асырылғаны белгілі болды. Жұмыс барысында 301 бөтелке алкоголь тәркіленді. Полицияға 22 адам жеткізілді. Олардың арасында кәмелетке толмағандар мен көші-қон заңнамасын бұзған көрші мемлекеттің азаматтары да бар. 

Белгілі болғандай, ұйымдастырушыда осы іс-шараны өткізуге қандай да бір рұқсат құжаттары болмаған. Ғимарат жалға алынған. Ұйымдастырушыға қатысты лицензиясыз алкоголь өнімін сату фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары да жазасыз қалмады. Балаларын түнгі уақытта заңды өкілдердің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесінде жібергені үшін екі әкімшілік хаттама толтырылды. 

Ал шетелдік азаматтарға қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, ұйымдастырушыға қатысты материал ТЖ-ға және құзыреті бойынша шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.