Павлодарда жанармай бекетінің жанында қоқыс өртенді

Павлодарда жанармай бекетінің жанында қоқыс өртенді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиға орнына уәкілетті органдар аттанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 21:03-те Н.Назарбаев даңғылы, 56 маңында, ашық жерде қоқыс жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция қызметкерлері Ак. Шөкин көшесінен Ломов көшесіне дейінгі аумақты қоршауға алды.

Ашық алаңда қоқыс пен автокөлік дөңгелектері өртеніп, өрт дөңгелек жөңдеу цехының жапсаржайына көшкен. Өрттің ауданы шамамен 10 шаршы метрді құрады, – деді баспасөз орталығында.

Оқиға орнында 1 автоцистерна мен 2 жұмысшы өртпен күресті.

Өрт толығымен сағат 21:53-те жойылды. Жанармай құю бекетіне зақым келген жоқ.