С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың төбесі жаңарады
Нысанның шатырына соңғы рет күрделі жөндеу жұмысы осыдан 15 жыл бұрын жүргізілген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана аталмыш жөндеу жұмысын көптен күтті.
- Кітапхана ғимаратының шатырында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 2009 жылдан бері шатыр өз мақсатын ақтады. Тек соңғы 4 жылда төбе істен шыға бастады. Өткен жылы қаржылық мүмкіндік алдық. Ақша бөлінді. 2023 жылы жобалық-сметалық құжаттар мен сараптамаларды әзірлеу процесі сәтті аяқталды, - делінген хабарламада.
Кітапханашылар Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың қолдауының арқасында кітапхананың төбесі жаңа тыныс алып, оқырманның игілігіне ұзақ қызмет ететініне сенімді.