Баянауылда автокөлік жыраға түсіп кетті
Екі адам зардап шекті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 20 тамызда кешкі сағат 19:14-те «103» пультіне жол апаты туралы хабарлама түскен. Қоңырау шалушы Қалқаман және Баянауыл арасындағы тас жолда жеңіл автокөлік жыраға ұшып кеткенін хабарлаған.
– Жеделдіктің бірінші санаты бойынша диспетчер орынға екі жедел жәрдем бригадасын жіберді, олардың біріншісі шақырылғаннан кейін 8 минуттан кейін келді, – деді станцияда.
Алты жасар бала мен 30 жастағы әйел адамға көмек қажет болды. Олар түрлі жарақаттар және сынықтармен Баянауыл аудандық ауруханасына жеткізілді.